БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Украинаның шығысындағы үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қақтығыстың күшеюіне алаңдаушылық білдірді. Нью-Йоркте жарияланған мәлімдемесінде Пан Ги Мун ұрыстың шиеленісе түскеніне алаңдап, тараптарды қарулы қарсылықты дереу тоқтатуға шақырған.
БҰҰ бас хатшысының айтуынша, ұрыстың қайта жалғасуы былтыр қыркүйектің 5-інде Минскіде жасалған қақтығысты тоқтату туралы бейбіт келісімнің орындалуына кедергі келтіреді.
БҰҰ дерегі бойынша, Шығыс Украинада қақтығыс басталған 2014 жылдың сәуірінен бері 4700-ден аса адам мерт болған.