Роттердамдағы 44-ші кинофестивалінде биыл саяси фильмдердің ерекше көптігі байқалады. Байқауға қатысып жатқан фильмдер арасында ресейлік картиналар болмаса да, жаңа қырғи қабақ соғысы жайлы жиі айтылды.
Саяси фильмдер фестивалі

1
«Шайқастар» деректі фильмі ФИПРЕССИ жүлдесін алды. Изабель Толленоре дүниежүзілік соғыстың әр елде қалдырған ізі жайлы түсірген. Соңғы бейнебаян үрлейтін танк шығаратын ресейлік фабрикаға арналған.

2
«Шайқастар» деректі фильмінен үзінді. Албан отбасы бұл ескі бункерді сиыр қораға айналдырған.

3
Олег Мавроматтидің «Ақымақтарға мұнда орын жоқ» фильмі путиншіл гей Сергей Астаховтың бейнебаян күнделігіндегі көріністерден құрастырылған.

4
Батыс пен Ресей арасындағы жаңа қырғи қабақ соғысты бейнелеу үшін фестивальдің «Күнделікті насихат» секциясын құрастырушылар советтік «Бүгін» (1929) фильмін таңдап алған.

5
Pussy Riot тобы туралы фильмнің бірінші бөлімі 2013 жылы Амстердам фестивалінде жүлде иеленген еді. Әлі бітпеген «Pussy vs Putin 2» сиквелін Роттердамда Надежда Толоконникова, Мария Алехина мен Петр Верзилов таныстырды.

6
Pussy Riot мүшелерімен кездесуге келген көрермендер Luxor кинотеатрының үлкен залын толтырды

7
Pussy Riot және Ресейдегі ахуал туралы пікірталасқа қатысып отырған мәскеулік Jack Wood тобының әншісі Саша, Надежда Толоконникова мен Мария Алехина

8
Әйгілі британдық документалист Адам Кертис «Ащы көл» фильмінде батыс саясаткерлері мен журналистерінің Ауғанстан жайлы айтқандарына сенбеуге шақырады.

9
Қарапайым ауыл тұрғыны – дін қызметкері туралы «Жан-Маридің өмірі» фильмі көрермен көңілінен шықты. Онда егде жасында өзіне жар болуға лайықты, рухани жан-дүниесі жақын әйел тапқан кейіпкер целибаттың (католик діни қызметшісінің үйленуден бас тартуы) қажеттілігі жайлы толғанады.

10
Роттердам мэриясына жақын маңдағы кинофестиваль туралы жарнама.