Accessibility links

Жаңаөзенде екпеден соң 18 адам ауруханаға түсті


Жаңаөзен қаласы. (Көрнекі сурет).
Жаңаөзен қаласы. (Көрнекі сурет).

Жаңаөзенде 15 пен 19 жас аралығындағы 18 адам қызылша ауруына қарсы екпе салдырғаннан кейін ауруханаға түсті. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау департаментінің Азаттыққа хабарлауынша, 18 адам ауруханаға кеше, ақпанның 18-інде түскен. Екпеден кейін ауруханаға түскендердің бірі өзін жақсы сезініп, шығып кеткен.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында оқиғаның себептерін анықтау үшін дәрігерлер мен мемлекеттік органдардың басшыларынан комиссия құрылған.

Бүгін облыстық денсаулық сақтау департаменті екпеден кейінгі оқиғаға байланысты түсінік беру үшін арнайы жиын өткізбек.

Ақпан айының басында облыс дәрігерлері 15 пен 19 жас аралығындағы тұрғындар арасында қызылшамен ауыру көбейген соң осы жастардағы адамдарға қосымша екпе жұмыстарын бастаған.

XS
SM
MD
LG