"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы Сирияның солтүстік-шығыс аймағындағы ауылдарға тінту жасап, кем дегенде 70 ассириялық христиан балаларын кепілге алған.
Ұлыбританиялық адам құқығын қорғау обсерваториясы ИМ ақпанның 23-і күні Курдиштен бастап Тал Тамр қалалары арасындағы ауылдарды тінтіп, тоқсанға жуық баланы алып кеткен деп хабарлады.
2014 жылдың жазынан бері ИМ Сирияның солтүстік, Ирактың батыс аймағын басып алған.
Ақпанның 23-і күні АҚШ әскери басшылығы Ирак әскері елдің батысында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы бақылауындағы Бағдади қаласын азат ету операциясын бастағанын хабарлаған.