Accessibility links

Мәскеуде Немцовты еске алды


Борис Немцов қаза тапқан жерге гүл қойып жатқан тұрғындар. Мәскеу, 7 сәуір 2015 жыл.
Борис Немцов қаза тапқан жерге гүл қойып жатқан тұрғындар. Мәскеу, 7 сәуір 2015 жыл.

Ресейдің Мәскеу қаласында жүздеген адам оппозициялық саясаткер Борис Немцов қаза тапқан көпірге келіп, марқұмды еске алды. Оны 40 күн бұрын осы көпірде белгісіз біреулер атып өлтірген еді.

Борис Немцов оққа ұшқан жерге келген мәскеуліктер ол маңға гүл қойды. Тұрғындар бұдан кейін саясаткер тұрған үйдің жанындағы Климент храмында аза тұтып, «Бір минут үн қату» шарасын өткізді.

Немцовтың серіктері бүгін оның құрметіне концерт ұйымдастырмақ болған. Ол бастаманы Андрей Макаревич, Юрий Шевчук және «Би-2» тобы бастаған ондаған музыкант қолдаған. Бірақ Мәскеудегі залдардың ешбірі ондай концерт өткізуге келіспеген.

Борис Немцовті 27 ақпан күні түнде Мәскеудің орталығында – Кремльге жақын маңда атып өлтірген. Ресей билігі бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бес адамды тұтқындаған. Бірақ күдіктілер ол айыпты мойындаудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG