Апаттың ауқымы
Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко Астанада журналистермен кездесіп, елдің бірнеше өңірінде күннің күрт жылынуынан болған су тасқынының ауқымы туралы айтты. 50 елдімекенді су басып қалған.