Accessibility links

Түркия премьерінің шекарадан өтуін Сирия айыптады


Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоглу.
Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоглу.

Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоглудың Осман империясының негізін қалаған Осман біріншінің атасы Сүлеймен падишахтың Сирия жеріндегі зиратына баруын Дамаск «агрессиялық акт» деп атап, наразылық білдірді.

Бұған байланысты Сирияның SANA мемлекеттік ақпарат агенттігі таратқан мәлімдемеде: «Дәуітоглудың Сирия жеріне ел үкіметінің келісімінсіз кіруі БҰҰ мүшесінің егемендігіне қарсы басқыншылық және халықаралық заңды бұзу болып табылады» делінген.

Ақпан айында түрік премьер-министрі Дәуітоглу Сүлеймен падишахтың сүйегі Сириядан Түркияға әкелінгенін, кейін ол Сирия территориясына қайтадан апарылатынын хабарлаған еді. Дамаск оған да наразылық білдірген.

Падишах қабірі түрік шекарасынан 200 метр жердегі Эшме елдімекенінде орналасқан. Түрік премьерінің сапары кезінде түсірілген суреттерде Даәуітоглудың сол жердегі түрік сарбаздарына алғыс айтып тұрған сәті бейнеленген.

Түркия Сириядағы президент Башар Асадтың билігіне қарсы көтерілісшілерді белсенді түрде қолдап келеді. Дамаск Анкараны «террористерге жәрдемдеседі» деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG