Accessibility links

Қазақстанда ФАО-мен байланыс бюросы құрылмақ


Киіз үй ішінде құрт жасап отырған адамдар. (Көрнекі сурет)
Киіз үй ішінде құрт жасап отырған адамдар. (Көрнекі сурет)

Қазақстан ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен Біріккен Ұлттар Ұйымы азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (ФАО) бас директоры Жозе Грациану да Силва Қазақстанда ФАО-ның байланыс және серіктестік жөніндегі бюросын құру туралы келісімге қол қойған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Жаңа құрылым донорлар мен қаржы ұйымдары, ғылыми және өзге де негізгі әріптестермен, соның ішінде бірінші кезекте Қазақстанда құрылатын Ислам азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ұйыммен арадағы серіктестікке септеседі деп хабарланды.

ФАО 1997 жылдан бері Қазақстанда табиғи ресурстарды тиімді басқару, азық-түлік қауіпсіздігі, органикалық тағамдар өндірісі, жануарлар денсаулығын қорғау және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асырып келеді.

Ресми ақпарат бойынша, ФАО инвестициялық орталығымен бірлесе отырып Қазақстан үкіметі елдің ауыл шаруашылығын дамытуға түрлі қаржы көздерінен, соның ішінде Дүниежүзілік банк пен Еуропаның қайта құру және даму банкінен 740 миллион долларға жуық қаржы тартқан.

XS
SM
MD
LG