Accessibility links

Тяньцзин: жарылыс құрбандары саны 104 адамға жетті


Тяньцзинь қаласындағы жарылыс болған жерде жүрген құтқарушылар. Қытай, 14 тамыз 2015 жыл.
Тяньцзинь қаласындағы жарылыс болған жерде жүрген құтқарушылар. Қытай, 14 тамыз 2015 жыл.

Қытайдың солтүстік-шығысындағы портты Тяньцзинь қаласында болған бірнеше ірі жарылыстан қаза тапқандар саны 104 адамға жетті деп хабарлады қытай мемлекеттік ақпарат құралдары.

Жарылыс болған маңнан тамыздың 15-і күні тұрғындар көшірілген. Жарылыс болған аймақта аса улы химиялық заттардың үлкен қоры болған.

Қытай билігі елдегі қауіпті заттар сақталатын қоймаларға жаппай тексеру жүргізбекші.

Тамыздың 13-іне қараған түні Тяньцзинь порты аймағындағы жарылғыш заттар сақталған контейнерлердің бірінде өрт шығып, оның соңы жарылыстарға ұласқан. Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, ең ірі жарылыс қуаты 21 тонна тротил күші шамалас болған.

Куәгерлердің айтуынша, төтенше оқиға кезінде жарылыс орнынан радиусы бірнеше километр қашықтықтағы ғимараттардың терезелері сынған.

XS
SM
MD
LG