Accessibility links

Тяньцзинде қаза тапқандар саны 123 адамға жетті


Тяньцзинь қаласындағы жарылыстан кейінгі көрініс. Қытай, 13 тамыз 2015 жыл.
Тяньцзинь қаласындағы жарылыстан кейінгі көрініс. Қытай, 13 тамыз 2015 жыл.

Қытайдың билік орындары елдің солтүстік-шығысындағы портты Тяньцзинь қаласында болған жарылыстар салдарынан мерт болғандар саны 123 адамға жетті деп хабарлады. Олардың жартысынан көбі – оқиға орнына барған соң қаза тапқан өрт сөндірушілер.

Олардан өзге тағы 50 адам хабарсыз кеткен болып саналады. Жарылыстар салдарынан зардап шеккен 600 адам әлі ауруханада жатыр.

Тамыздың 13-іне қараған түні Қытайдың солтүстік-шығысында портты Тяньцзинь қаласында болған екі жарылыстан соң химиялық заттар қоймасында өрт шыққан еді. Соның салдарынан ауаға көп мөлшерде аса қауіпті зат – натрий цианиді тараған.

Улы заттың ары қарай тарауынан қауіптенген Қытай билігі Тяньцзинь өнеркәсіп аймағынан үш шақырымдық радиусте тұратын халықты ол жерден кетуге міндеттеген.

XS
SM
MD
LG