Accessibility links

Порошенко, Олланд және Меркель Минск келісімін талқылады


Украина президенті Петр Порошенко, Франция президенті Франсуа Олланд және Германия канцлері Ангела Меркель Берлиндегі баспасөз мәслихатында. 24 тамыз 2015 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко, Франция президенті Франсуа Олланд және Германия канцлері Ангела Меркель Берлиндегі баспасөз мәслихатында. 24 тамыз 2015 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко, Франция президенті Франсуа Олланд және Германия канцлері Ангела Меркель Берлинде кездесіп, Минск келісімінің орындалу барысын талқылады.

Кездесуден кейін баспасөз мәслихатында Меркель Берлиндегі кездесуде Минск келісімінің орындалу барысы талқыланғанын, алдағы уақытта бұл келісімнің толық орындалуына қатысты шаралар жасалатынын мәлімдеді.

Ал Порошенко, "сепаратистер - аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға басты қауіп" екенін айтты. Олланд "Біздің алдымызда қазір тек бір ғана міндет бар. Ол - Минск келісімін құрметтеу" деді.

Соңғы уақытта Украинаның шығысындағы қақтығыс салдарынан Минск келісімі жиі бұзылып, қақтығыстар жиілеп кеткен. Украина мен ресейшіл сепаратистер Мариупольдағы шабуылдарға бір-бірін айыптады.

2014 жылдың сәуірінен бері Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыстан 6 мың 400-ден астам адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG