24 жыл бұрын Мәскеуде мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс болып, ол оқиға «тамыз бүлігі» атанды. 1991 жылы болған «тамыз бүлігінде» мемлекеттік төңкеріс орнына антикоммунистік революция жасалды. Оқиға компартияға тыйым салу мен «бас чекист» Феликс Дзержинский ескерткішін құлатуға ұласты, СССР ыдырауын тездетті.
1991 жыл: «Тамыз бүлігі»
1991 жылы Мәскеуде болған «тамыз бүлігінде» антикоммунистік төңкеріс жасалды. Оқиға СССР ыдырауын тездетті.

1
Мәскеу орталығындағы Калинин даңғылында тұрған танкілер. Мәскеу, 19 тамыз 1991 жыл.

2
Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет (ТЖМК) мүшелері Мәскеуде баспасөз мәслихатын өткізіп отыр. Журналистер президент міндетін атқарушы Геннадий Янаевтың (ортада) қолы дірілдегенін байқады.

3
Мәскеу орталығындағы баррикадаларға шығып отырған жастар. 20 тамыз 1991 жыл.

4
Мәскеуге кіргізілген беренді техника.

5
Манежный алаңына жиналған жұрт. Мәскеу, 20 тамыз 1991 жыл.

6
Ресей президенті Борис Ельцин танк үстіне шығып, жұртты қарсылық шеруіне шығуға шақырып тұр. Мәскеу, 19 тамыз 1991 жыл.

7
Бородино көпіріндегі танк. Мәскеу, 20 тамыз 1991 жыл.

8
Ақ үй жанында баррикада тұрғызып жатқан адамдар. Мәскеу, 20 тамыз 1991 жыл.

9
Ақ үйді қорғаушылар. Мәскеу, 21 тамыз 1991 жыл.

10
Борис Ельцин Жоғарғы Кеңестің төтенше сессиясында сөйлеп тұр. Мәскеу, 21 тамыз 1991 жыл.

12
Борис Ельцин мен оның жүз мыңға жуық жақтасы «бүлікшілерді» жеңгендерін тойлап тұр. Мәскеу, 22 тамыз 1991 жыл.

13
Виолончелист Мстислав Ростропович мәскеуліктермен бірге «тамыз бүлігінің» аяқталғанына қуанып тұр.

14
Мәскеуліктер Ресей туын алып шықты. Мәскеу, 22 тамыз 1991 жыл.

16
Ақ үйді қорғау кезінде қаза тапқан үш адамның жерлеуі. Мәскеу, 24 тамыз 1991 жыл.