Accessibility links

Германияға мыңдаған мигрант келіп жатыр


Германияға келген босқындар.
Германияға келген босқындар.

Германияға мигранттар толассыз келіп жатыр. Ел үкіметінің мәлімдеуінше, 5 қыркүйекте мемлекет шекарасынан 6800 мигрант өткен. 6 қыркүйекте тағы бес мыңға жуық босқын келген.

5 қыркүйекте Венгрия шекарасы ашылғаннан кейін он мыңнан астам мигрант бұл елдің территориясынан Германия мен Венгрияға қарай пойызбен шыққан. Бірнеше күн бойы Венгрия Германия мен Австрияға бармақ болған мигранттарды Будапеште өткізбей қойған еді.

Германия мен батыс Еуропаның өзге де бақуатты елдеріне кетпек болған жүздеген босқын Будапештегі Келети халықаралық теміржол станциясы маңында бүгін екінші күн наразылық танытқан еді.

Германия үкіметі 800 мыңнан астам босқын қабылдауды жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG