Accessibility links

Skate America: Тұрсынбаева 4-орын алды


Элизабет Тұрсынбаева АҚШ-тағы жарыс кезінде. Милуоки, 24 қазан 2015 жыл.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева АҚШ-тың Милуоки қаласында Skate America ISU Grand Prix жарысында төртінші орын алды.

Ол негізгі бағдарламада 119,30 ұпай, ал қоссайыс қорытындысы бойынша 178,56 ұпай еншіледі.

Бұған дейін қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада 59.26 ұпай жинап, жетінші нәтиже көрсеткен еді.

Skate America жарысының алтын медалін ресейлік Евгения Медведева (206,01) жеңіп алды. Күміс жүлдені америкалық Грэйси Голд (202,80), қоланы – жапониялық Сатоко Муахари (188,07) иеленді.

Милуокиде ерлер арасындағы жарысқа қатысқан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері қазақстандық Денис Тен тоғызыншы орынмен шектелді.

XS
SM
MD
LG