Accessibility links

Киев Мәскеудің әуе қатынасы жайлы ұсынысынан бас тартты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Украинамен әуе қатынастарын қалпына келтіру туралы Ресейдің әуе көлігі федералдық агенттігі жасаған ұсынысынан Киев бас тартты.

Украина мемлекеттік авиация қызметіне қазанның 28-і күні жолдаған хатында Ресей жағы «әуе қатынасын жақын арада қайтадан қалпына келтіру мақсатында диалогты жалғастыруға әзір» екенін білдірген.

Украина инфрақұрылым министрлігінің өкілі әуе қатынасын қалпына келтіруге қатысты екі ел арасындағы кеңесулер тек «егер Ресей жағы бұған дейін салынған айыппұлдарды төлеп, әуе қатынасына шектеу енгізілген аймақтарға, негізінен Қырымға әуе рейстерін тоқтатқанда ғана» басталатынын айтқан.

Қырым түбегін аннексиялауға жауап ретінде Украина қазанның 25-інен бастап ресейлік әуе компаниялары ұшақтарының ел аумағына келуіне тыйым салған. Ресей бұл шешімді «ессіздік» деп атап, оған жауап ретінде Украина ұшақтарының Ресейге ұшуына тыйым салатынын мәлімдеген. Бұл тыйымдар кесірінен екі ел арасына қатынайтын мыңдаған жолаушы қымбатқа түсетін айналма әуе жолын пайдалануға немесе пойызбен ұзақ уақыт жүріп баруға мәжбүр болып отыр.

XS
SM
MD
LG