Accessibility links

Элизабет Тұрсынбаева Таллиндегі жарыста күміс алды


Қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева.
Қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Эстония астанасы Таллин қаласында өткен Tallinn Trophy жарысында күміс жүлдеге ие болды.

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 174,87 ұпай жинаған. Алтын медальді жеңіп алған ресейлік Мария Сотскованың көрсеткіші – 186,30 ұпай. Ал қола жүлдегер атанған америкалық Тайлер Пирс 171,72 ұпай жиған.

Элизабет Тұрсынбаева биылғы маусымда АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласындағы жарыста күміс, ал Канадада өткен халықаралық жарыста алтын медаль иеленген еді.

XS
SM
MD
LG