Accessibility links

Тәжікстан ұлттық ту күнін атап өтіп жатыр


Тәжікстан ұлттық ту күні мерекесі. Душанбе, 24 қараша 2015 жыл.
Тәжікстан ұлттық ту күні мерекесі. Душанбе, 24 қараша 2015 жыл.

Душанбеде бүгін Тәжікстанның ұлттық туы күніне арналған шеру өтті. Тәжікстан үкіметі жанындағы жастар ісі, спорт және туризм жөніндегі комитеті өкілдері шеруге 30 мыңнан астам адам қатысқанын хабарлады.
Тәжікстан астанасында көпшілік шараның өтуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, кей көшелерде автокөліктер қозғалысы шектелген.

Дүйсенбі күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон теледидар арқылы ту мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі екенін айтып, «тарихи негіздер мен бағасы жоқ ұлттық мұра, халықтың мақсатын, тілегі мен үмітін білдіреді» деген.

Дүйсенбі күні тәжік парламентінің депутаттары елді 1992 жылдан бері басқарып келе жатқан Рахмонға «ұлт лидері» мәртебесін беру туралы заң жобасын қараған.

Ұлттық ту күні Тәжікстанда 2009 жылдан бері аталып келеді.

XS
SM
MD
LG