Accessibility links

Словенияда жынысы бір адамдар некесі дауысқа түсіп жатыр


Референдум кезінде дауыс беріп тұрған гейлер жұбы. Любляна, 25 наурыз 2012 жыл.
Референдум кезінде дауыс беріп тұрған гейлер жұбы. Любляна, 25 наурыз 2012 жыл.

Словенияда бүгін жынысы бір адамдардың некеге отыруына рұқсат беру мәселесіне қатысты референдум өтіп жатыр. Негізінен католик дінін ұстанатындар тұратын бұл елде парламент биыл наурызда заңнамадағы неке ұғымын «ер мен әйелдің одағы» дегеннің орнына «екі адамның одағы» деген сөзбен алмастыруды мақұлдаған еді.

Бірақ заң өзгерісіне қарсылық білдірушілер бұл мәселені референдумге шығару үшін қажетті дауыстар жинап өткізген. 18 желтоқсан күні жүргізілген соңғы сауалнамалар нәтижесі бойынша, оған қатысушылардың 55,5 пайызы жынысы бір адамдардың некесіне қарсы екендерін білдірген. Референдумге сайлаушылардың 46 пайызына дейін қатысуы мүмкін деген болжам айтылып отыр.

Словения сайлаушыларының көпшілігі бұған дейін, 2012 жылы өткізілген референдумде, жынысы бір адамдардың некеге отыруына рұқсат етуге қарсы дауыс берген.

XS
SM
MD
LG