Accessibility links

Косовода полиция шеруге жас ағызатын газ шашты


Полиция наразыларға көзден жас ағызатын газ шашты. Косово, 9 қаңтар 2016 жыл.
Полиция наразыларға көзден жас ағызатын газ шашты. Косово, 9 қаңтар 2016 жыл.

Косово астанасы Приштина қаласында сенбі күні үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, парламент ғимаратына тас пен жанғыш зат құйылған бөтелкелер лақтырған шерушілерге қарсы полиция көзден жас ағызатын газ шашқан. Косово қалалары мен ауылдық жерлерінен Приштинадағы шеруге жиналған мыңдаған адам үкіметтен Сербиямен жасасқан келісімнен бас тартуды талап еткен. Ол құжат сербтер басым тұратын муниципалитеттер өкілеттігін кеңейтуді көздейді.

Ұйымдастырушылар наразылық шеруі кезінде тәртіпсіздіктерге жол берілмейді деп уәде еткенімен, акция барысында шерушілер әуелі тас пен бояуы бар шөлмектер, ал кейін жанғыш зат құйылған бөтелкелер лақтырып, оның соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан.

Еуропа Одағының арағайындығымен Косово мен Сербия арасында жасалған келісімге қарсылар өз талаптары орындалғанға дейін наразылық шараларын жалғастыра беретінін айтып отыр.

Косово парламентінің кезекті сайлауы 2018 жылы өтуі тиіс. Ел тұрғындарының көбі – этникалық албандар. Бірнеше ауданда сербтер басым тұрады. Косово 2008 жылы біржақты түрде өз тәуелсіздігін жариялаған. 2015 жылдың ортасына қарай БҰҰ-на мүше елдердің жартысынан көбі Косово республикасын мойындау жайлы дипломатиялық шешім қабылдаған.

Приштинадағы наразылық шеруі туралы видео:

Приштинадағы полиция мен шерушілер қақтығысы
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:06 0:00

XS
SM
MD
LG