Accessibility links

ОСК: ЖСДП парламент сайлауына 23 үміткерді тіркеуді сұрады


Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасы Жармахан Тұяқбай партия съезін ашып тұр. Алматы, 30 қаңтар 2016 жыл.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасы Жармахан Тұяқбай партия съезін ашып тұр. Алматы, 30 қаңтар 2016 жыл.

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) кезектен тыс парламент мәжілісі депутаттары сайлауына кандидат ретінде партиядан 23 үміткерді тіркеуді сұрап өтініш бергенін хабарлады.

ЖСДП республикалық сайлауалды штабы бастығының орынбасары Асхат Рахымжановтың сөзінше, ОСК мүшелері тарапынан партияның заңдылығына қатысты ешқандай сұрақ болмаған, деп жазады «Казахстанская правда» газеті.

ЖСДП 30 қаңтарда Алматыда өткізген съезде партия атынан кезектен тыс парламент сайлауына 27 кандидат ұсынылып, бекітілген еді. Партиялық тізімде ұйым жетекшісі Жармахан Тұяқбай да бар. Сонымен бірге тізімге Ермұрат Бәпи, Зәуреш Батталова, Ғабиден Жәкей, Уәлихан Қайсар, Бақытгүл Мәкімбай, Құрманғазы Рахметов, Петр Своик, Балташ Тұрсымбаев, Әмірбек Тоғысов сынды саясаткерлер мен азаматтық белсенділер енгізілгені хабарланған.

Партиялық тізім бойынша сайланатын мәжіліс сайлауына кандидаттарды ұсыну 8 ақпанға дейін, ал партиялық тізімді тіркеу 19 ақпанға дейін жалғасады. Ақпанның 20-сынан наурыздың 18-іне дейін партиялар сайлауалды үгіт-насихат шараларын жүргізеді.

XS
SM
MD
LG