Accessibility links

Элизабет Тұрсынбаева қола медаль иеленді


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева.

Норвегияның Лиллехамер қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиадада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева қола медаль алды.

Тұрсынбаева негізгі бағдарламада 108,77 ұпай иеленді. Бұған дейін 14 ақпанда өткен қысқа бағдарламада ол 59,11 ұпай жинаған. Осылайша Тұрсынбаеваның қоссайыс нәтижесі 167,88 ұпай болып шықты.

Алтын мен күмісті ресейліктер Полина Цурская (186,04) мен Марина Сотскова (169,50) иеленді.

Бұл - Қазақстанның Лиллехамер ойындарындағы екінші медалі. Осыған дейін биатлоншы Арина Пантова 6 километрлік спринтте қола жүлде алған еді.

Лиллехамердегі олимпиада 21 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG