Accessibility links

Мәжіліс Мәсімов үкіметіне сенім білдірді


Алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінің депутаттары. Астана, 25 наурыз 216 жыл.
Алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінің депутаттары. Астана, 25 наурыз 216 жыл.

Парламент мәжілісі премьер-министр Кәрім Мәсімов үкіметіне сенім білдірді. Алтыншы шақырылымдағы мәжілістің алғашқы отырысында үкіметке сенім білдіру мәселесі дауысқа салынды. Мәжілістің 108 депутатының 96-сы үкіметке сенім білдіріп, төртеуі қарсы болды, 7 депутат қалыс қалды.

Бүгінгі отырыста мәжіліс депутаттары "Нұр Отан" партиясынан сайланған депутат, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовті мәжіліс төрағасы етіп бірауыздан сайлаған.

XS
SM
MD
LG