Accessibility links

Арменияда қаза тапқан отбасының туыстары Ресейді сотқа берді


Ресейлік әскери қызметшінің қолынан қаза тапқан Аветисяндар отбасы.
Ресейлік әскери қызметшінің қолынан қаза тапқан Аветисяндар отбасы.

Арменияның Гюмри қаласында кісі қолынан қаза тапқан Аветисяндар отбасының туыстары 450 мың еуро өтемақы төлеуді талап етіп Ресейді сотқа берді. Олар ресейлік билік орындарын денсаулығында психикалық ауытқушылығы бар адамды қарулы күштер қатарына алған деп кінәлайды. Бұл туралы Armenia Today сайты хабарлады.

Аветисяндар отбасындағы адамдарды жаппай өлтіру туралы қылмыстық іс бойынша айып тағылған ресейлік сарбаз Валерий Пермяков бұл қылмысты жасағанын мойындаған. Жәбірленуші тараптың қорғаушылары шетелге әскери қызмет атқаруға жіберілген ресейлік сарбаздың ақыл-есінде ауытқушылық барын анықтаған сараптама қорытындысына сілтеме жасаған.

2015 жылы тамызда Гюмриде орналасқан ресейлік әскери базаның гарнизондық соты Валерий Пермяковты әскери базаны өз бетімен тастап кеткені, қару ұрлағаны және оны заңсыз алып жүргені үшін айыпты деп танып, он жылға бас еркіндігінен айыруға үкім шығарған.

Армения соты Пермяковты жаппай адам өлтіру қылмысына қатысты іс бойынша сотқа тартып жатыр.

2015 жылы 12 қаңтарда Аветисян отбасындағы жеті адам кәмелетке толмаған екі баласымен қоса Гюмридегі үйінде өлтірілген еді. Армения мен Ресей бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG