Accessibility links

Мария Шарапова жарыстан екі жылға шеттетілді


Мария Шарапова, ресейлік теннисші.
Мария Шарапова, ресейлік теннисші.

Халықаралық теннис федерациясы ресейлік теннисші Мария Шарапованы допинг қолданғаны үшін жарыстарға қатысудан екі жылға шеттетті. 8 маусымда шыққан федерация шешімі 2016 жылдың 26 қаңтарынан күшіне енген болып есептеледі. Ол бойынша, Шарапова 2018 жылдың 26 қаңтарына дейін кәсіпқой матчтар өткізе алмайды. Шарапова халықаралық федерация шешіміне спорттық арбитраж сотына апелляциялық шағым түсіре алады.

"Үлкен шлем" жарыстарының бес мәрте чемпионы Шарапова биыл қаңтарда допинг тесттен өте алмаған соң наурызда алдын ала жарыстан шығарылатыны туралы хабарлаған. Шарапованың сөзінше, ол сол кезде Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік мельдонийді 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тыйым салынған препараттар тізіміне қосқанын білмеген. Шарапованың адвокаты Джон Хаггерти теннисші мельдонийді оған тыйым салынған соң қабылдағанын айтты. Шарапованың айтуынша, мельдоний препаратын өзіне алғаш 2006 жылы жазып берген.

XS
SM
MD
LG