Accessibility links

Францияда бүгін футболдан Еуропа біріншілігі басталады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Францияда бүгін футболдан Еуропа біріншілігі басталады. Турнир Франция және Румыния арасындағы матчпен ашылады. Ойын Париж түбіндегі "Стад де Франс" стадионында өтеді. Біріншіліктің ақтық ойыны да 10 шілдеде осы стаионда болады.

Еуро-2016 біріншілігіне бірінші рет 24 ұлттық құрама қатысады. 24 құрама алты топқа бөлінген. Ресей құрамасы Словакия, Уэльс, Англия құрамаларымен бірге Б тобында ойнайды. Ресей алғашқы матчын 11 маусымда Марсельде Англия құрамасымен өткізеді.

Еуро-2016 біріншілігіне барлығы екі миллионға жуық жанкүйер қатысады деп болжанып отыр. 2015 жылы Парижде 130 адам қаза тапқан терактілерден кейін Еуропа елдерінде қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылық әлі бар.

Бұған дейін Франция президенті Франсуа Олланд Еуропа біріншілігі ойындары кезінде террористік шабуыл жасалу қаупі барын мойындаған. Француз радиосына берген сұхбатында Олланд 10 қалада футбол матчтарын қорғау үшін 90 мың қауіпсіздік қызметкері жұмылдырылатынын айтқан. Франция сонымен қатар теракт болған жағдайда халықты хабардар етуге арналған ұялы телефон қосымшасын да жасаған.

XS
SM
MD
LG