Accessibility links

Kz доменді сайттар бірер сағат кідірістен соң қайта ашылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Маусымның 17-сі таңертеңнен бастап бірер сағат бойы қазақстандық көптеген сайттарға кіру қиындап, қайта ашылды. Kz доменіндегі сайттарға хостингтік қызмет ұсынып отырған қазақстандық "Интернет-компания PS" ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Инесса Шлапак компанияның Facebook-тағы парақшасында «Желі құрылғыларында ақау пайда болды. Мәселені шешіп жатырмыз. Мән-жайын жұмысын қалпына келтірген соң хабарлаймыз» деп хабарлаған.
Ақпарат министрі Дәурен Абаев Facebook-тағы парақшасында:
«Министрлікке бірқатар қазақстандық сайттардың жабық болып тұрғаны туралы ақпарат түсті. Мамандарымыз дереу мәселені анықтауға кірісті. Ірі Ps.kz хостинг компаниясының мәліметтер орталығында апат болғаны анықталды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр» деп жазған.

"Интернет-компания PS" – қазақстандық сайттарға kz аймағында хостингтік қызмет ұсынып отырған ірі интернет компания.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG