Accessibility links

Баян Есентаева ауруханадан шығарылды


Баян Есентаева.
Баян Есентаева.

Белгілі тележүргізуші, актриса және продюсер Баян Есентаева бүгін ауруханадан шығарылды. Жергілікті агенттіктердің аурухана дәрігерлеріне сілтеме жасап хабарлауынша, ауруханада 10 күн жатқан Есентаеваның халі орташа және продюсер "амбулаторлық емдеуге" жіберілген.

Есентаева 10 маусымда ауруханаға бас-сүйегі мен миы зақымданып, миы шайқалған, денесіне пышақ жарақаттары түскен деген диагнозбен түскен. Полиция Есентаева ауруханаға күйеуімен жанжалдан соң түскен дейді.

13 маусымда Талғар аудандық соты Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевты өз әйеліне "өлтіруге оқталды" деген күдікпен екі айға қамаған.

42 жастағы Баян Есентаева актриса, әнші әрі тележүргізушілігімен бірге қазақстандық жекелеген әншілер мен музыкалық топтардың продюсері ретінде де жұртқа танылған.

XS
SM
MD
LG