Accessibility links

ІІД: Бестөбедегі қақтығыста 14 кенші зардап шекті


Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақмола облысының Бестөбе ауылында кеніште болған қақтығыста зардап шеккендердің нақты саны 20 адамнан асты. Бұл туралы бүгін Көкшетауда өткен брифингте облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Ержан Сәденов хабарлады.

16 маусымда Бестөбе ауылындағы "Қазақалтын" компаниясы игеретін "Новая" кенішінде жұмысшылар жеке күзет агенттігінің қызметкерлерімен қақтығысып қалған. Қақтығыс барысында күзетшілер қызметтік бытыра мылтығын қолданған. ІІД баспасөз қызметінде бүгін Азаттыққа 14 шахтер бытыра оғы тиіп ауруханаға түскенін, күзет агенттігінің бес қызметкері мен екі полицей жараланғанын айтты.

"Күзетшілер заңсыз түрде алтын іздеушілердің бар-жоғын анықтамақ болып тексергенде, абайсызда артық кетіп қалған. Сосын сөзге келіп, төбелес басталған. Ол жерде жеті-сегіз күзетші болған. Төменнен оқиға орнына 45 кенші көтерілген. Атыс болған, қару күзетшінің атына тіркелген" деген Сәденов агенттіктерге.

Оның сөзінше, төтенше оқиғадан соң ауылда болған жиналыста әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер де көтерілген. Полиция бұған дейін қақтығыс жұмысшылардың күзетшілерге жеке заттарын көрсетуден бас тартуынан соң басталған деген. Жанжалдан соң кеніште екі күзет қызметкері мен бес кенші ұсталған. ІІД олардың барлығы кепілге босатылғанын айтады.

XS
SM
MD
LG