Accessibility links

Түркіменстан Қазақстанмен шекарасын уақытша жапты


Қазақстанның Түркіменстанмен арадағы Темір баба кеден бекеті (Көрнекі сурет).
Қазақстанның Түркіменстанмен арадағы Темір баба кеден бекеті (Көрнекі сурет).

Түркіменстан қауіпсіздік шараларын күшейтуге байланысты Қазақстанмен шекарасын бес күнге жапты деп хабарлайды Маңғыстау облыстық мемлекеттік кіріс департаментіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Осыған байланысты елге шетел азаматтарының жеңілдетілген тәртіппен кіруіне шектеу қойылған. Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы келісім бойынша, Маңғыстау облысында тұрақты тұратын азаматтар Түркіменстанның Балкан уәлаяты аумағына бес күнге дейін визасыз кіріп, жүріп-тұра алады. Бес күннен асса виза талап етіледі.

XS
SM
MD
LG