Accessibility links

Рио-2016: Қазақстанға алғашқы медальді Галбадрах Отгонцэцэг әперді


Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг (ақ формада) олимпиада ойындарында. Рио-де-Жанейро. 6 тамыз 2016 жыл.

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан олимпиада ойындарында дзюдодан әйелдер арасында 48 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль иеленді.

Ол алғашқы айналымда Такиана Лиманы (Гвинея-Бисау) жеңгенімен, ширек финалда жапониялық Ами Кондодан ұтылып қалды. Ал қолаға таласта Отгонцэцэг 2012 жылғы олимпиаданың қола жүлдегері венгриялық Эва Черновскиді және кубалық Даиарис Альваресті жеңді.

Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстанға 2012 жылы Моңғолиядан келген. Ол бұған дейін Азия чемпионатына Қазақстан атынан қатысып, алтын медаль жеңіп алған.

Бұл – Қазақстанның Рио олимпиадасындағы алғашқы медалі.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

AzattyqTV

AzatNews 19.10.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:56 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG