Accessibility links

Балуан Манюрова олимпиада күміс жүлдесін алды


Гюзель Манюрова Рио олимпиадасында.
Гюзель Манюрова Рио олимпиадасында.

Әйелдер күресінен қазақстандық 38 жастағы Гюзель Манюрова 75 килограмм салмақта олимпиаданың күміс медалін алды.

Ол алғашқы айналымда венгриялық Занетт Немецті, одан кейін камерундық Анабелле Алиді жеңді. Ал жартылай финалда ресейлік Екатерина Букинадан 2:8 есебімен жеңіліп жатып, кейін қарсыласын мойнын қысу арқылы он секунд қозғалтпай ұстап тұрып, таза жеңіске жетті. Финалда канадалық Эрика Буиебамен кездесіп, 0:6 есебімен жеңілді.

Манюрова 2004 жылы Ресей құрамасы сапында Афина олимпиадасында күміс алған. 2012 жылы Қазақстан атынан Лондон олимпиадасына қатысып, қола жүлде иеленген.

Бұл - Қазақстанның әйелдер күресінен алған үшінші медалі. 17 тамызда Эльмира Сыздықова 69 килограмда қола медаль алған. Ал осы финалдың алдында 63 килограмда Екатерина Ларионова да қола жүлдегер атанды.

XS
SM
MD
LG