Accessibility links

Қырғызстанда дүниежүзілік көшпенділер ойындары ашылды


Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ат үстінде өнер көрсеткен жігіт. Чолпон-Ата, 10 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ат үстінде өнер көрсеткен жігіт. Чолпон-Ата, 10 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)

Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында бүгін кешке екінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсімі өтті.

Ойын бағдарламасындағы мәдени және спорт шаралары Чолпон-Ата мен Қыршын жайлауында өтеді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары хатшылығының хабарлауынша, әлемнің 53 елінен мыңға жуық спортшы биылғы шараға қатысуға ниет білдірген.

Екінші дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасында 23 спорт түрі бойынша бәсекелер мен фольклорлық фестиваль енгізілген.

XS
SM
MD
LG