Accessibility links

Зүлфия Ғабидуллина - паралимпиада чемпионы


Қазақстандық Зүлфия Ғабидуллина Риодағы паралимпиада ойындарында. 8 тамыз 2016 жыл.
Қазақстандық Зүлфия Ғабидуллина Риодағы паралимпиада ойындарында. 8 тамыз 2016 жыл.

Риода өтіп жатқан паралимпиада ойындарында қазақстандық 50 жастағы спортшы Зүлфия Ғабидуллина 100 метрге еркін әдіспен жүзуден алтын алды. Ол бұл қашықтықты 1:30.07 минутта жүзіп өтіп, әлем рекордын орнатты. Күміс медаль қытайлық Пенг Куипинг (1:34.71), қоланы украиналық Ольга Свидерска (1:34.86) иеленді.

Ғабидуллина паралимпиадаға бір аяғы не бір қолы жұмыс істемейтін спортшыларға арналған S3 категориясы бойынша қатысып жатыр. Ол алты жасында жол апатына ұшырап, бір аяғы сал болып қалған. Жүзгіш 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында да алтын алған.

Бұл - Қазақстанның жазғы паралимпиададағы алғашқы медалі. Осыған дейін Қазақстан бұл жарыста медаль алмаған еді. Қазір бұл ел жалпы есепте 16-орында тұр.

XS
SM
MD
LG