Accessibility links

Астанада Тоқтар Төлешовтің соты басталды


Тоқтар Төлешов.
Тоқтар Төлешов.

Астанада қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотында шымкенттік бизнесмен, "билікті күшпен басып алмақ болды" деп айыпталған Тоқтар Төлешовтің соты басталды. Төлешовтің ісі бойынша 25 адам сотқа тартылмақ. Іс материалында мемлекеттік құпия мәліметтері болғандықтан жабық түрде өтеді.

Істі қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Ербол Ахметжанов қарайды. Ол 2012 жылы шекарашы Владислав Челахқа қатысты істі және 2015 жылы ҰҚК шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісінде судья болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған дейін "Шымкентсыра" зауытының иесі Тоқтар Төлешовке «адам ұрлау, заңсыз бостандықтан айыру, билікті күшпен басып алуды насихаттау, экстремистік топ құру, қылмыстық қауымдастық құрып, оны қаржыландыру және басшылық жасау, бандитизм, пара беру» туралы айыптар тағылғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG