Accessibility links

Коалиция Асад әскерін әуеден бомбалаған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ басқаратын коалиция 19 қыркүйекте Сирия президенті Башар Асад әскерилерін әуеден бомбалаған. Әуе шабуылынан 62 сириялық әскери мерт болған. Бұл шабуыл Сириядағы уақытша бітімнің бұзылуына себеп болуы мүмкін.

Уақытша бітімге бастама болған АҚШ пен Ресей шабуылға бір-бірін айыптап отыр. 17 қыркүйекте австралиялық ұшақ сириялық әскерилерге әуеден шабуыл жасағаннан кейін жағдай ушыға түскен.

Қыркүйектің 9-ы күні Женевада Джон Керри мен Сергей Лавров арасында жасалған келісімде Сирия үкіметі оппозиция күштеріне қарсы әуе шабуылы мен атысты тоқтатып, Алеппо қаласына гуманитарлық жүк жеткізу үшін жол ашуы тиіс екені, ал АҚШ пен Ресей террористік топтар туралы барлау мәліметтерімен алмасып, оларға қарсы әуе операцияларын үйлестіретіні айтылған еді.

XS
SM
MD
LG