Accessibility links

Қазақ-түрік лицейлерінің атауы өзгереді


Қазақ-түрік лицейі (Көрнекі сурет)
Қазақ-түрік лицейі (Көрнекі сурет)

Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлерінің атауы «Білім» инновация лицейі» деп өзгереді. Бұл туралы халықаралық KATEV қоры мәлімдеді.

Қор лицейдің атауы "Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырып өзгеретінін" хабарлаған.

Ресми Анкара қазақ-түрік лицейлерін АҚШ-та тұратын түркиялық теолог «Фетхулла Гүленге қарасты білім беру орындары» деп санайды. Түркия президенті Режеп Ердоған биыл 15 шілдеде әскери төңкерісті Гүлен жасамақ болды деп мәлімдеген. Осы оқиғадан кейін Анкара Астанадан «гүленшіл оқу орындарын» жабуды сұраған.

2016 жылы 6 тамызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Анкарада Түркия басшысы Режеп Ердоғанмен ресми кездесуде «Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлерінің түрік діни жетекшісі Фетхулла Гүленмен байланысы бар-жоғын тексерілетінін» айтқан.

Түркияда шілденің 15-і күні мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғандардың әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Елде мыңдаған адам тұтқындалып, ондаған мың адам мемлекеттік қызметтен қуылған еді.

XS
SM
MD
LG