Accessibility links

Жамбыл облысында қатты желден бірнеше жолаушылар пойызы бөгелді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Жамбыл облысында 3 қараша күні кешке тұрған қатты желден екі теміржол станциясы электр қуатынан ажырап, салдарынан бірнеше жолаушылар пойызы бөгелді.

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Азаттыққа хабарлауынша, 3 қараша күні кешке облыс аумағында жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жететін жел тұрған. Қатты желден Жамбыл станциясының теміржол желісінде электр сымдары үзіліп, салдарынан Алматы-Атырау, Астана-Сарыағаш, Алматы-Ақтөбе, Алматы-Шымкент және Ақтөбе-Алматы бағыттарында қатынайтын жолаушы пойыздарының қозғалысы бөгелген.

Ал Шу станциясында көлденең тірек бағаналары құлап, электр қуаты ажыраған. Салдарынан Алматы-Астана, Қостанай-Алматы бағытындағы пойыздар мен Алматы-Астана бағытындағы жүрдек пойызы бөгелген.

Төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Қазір станцияларда қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG