Accessibility links

HRW: Түркіменстанда АЕР/АР тілшісі қуғындалып, шабуылға ұшырады


Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Азат Еуропа/Азаттық радиосының Түркіменстандағы тілшісі Солтан Ачиловты таяуда полиция тергеп, одан соң оны белгісіз адамдар соққыға жығып тонап кеткенін мәлімдеді.

HRW 67 жастағы Солтан Ачиловке жасалған шабуыл - Орталық Азияның қатаң бақыланатын мемлекетіндегі Азаттық радиосы тілшілеріне жасалған соңғы шабуылдардың бірі екенін айтады.

"Ачиловты қуғындау сыншылардың үнін өшірудің кезекті әрекеті екенін айқын дәлелдейді. Журналистерді кәсіби қызметіне бола полиция тұтқындап, я шабуылға ұшырамауы тиіс" деді ұйым директорының Еуропа және Орталық Азия бойынша орынбасары Рейчел Денбер.

HRW Ачиловты 25 қазан күні Ашғабадта супермаркетте суретке түсіргені үшін полиция тергеген соң белгісіз адамдар шабуылдап, камерасын тартып алып кеткенін айтады.

Ачилов 2014 жылы желтоқсанда базардан хабар таратып жүргенде оған бірнеше адам шабуылдаған. Белгісіз адамдар журналисті полиция бөліміне апарып, ол жерде оның камерасын тартып алып суреттерін өшіріп тастаған.

2015 жылы Түркіменстан соты Азат Еуропа/Азаттық радиосының тілшісі Сапармамед Непескулиевті "есірткі саудалад" деген қолдан жасалған айып бойынша үш жылға соттаған. Сол жылы Түркіменстан билігі үш журналисті Азат Еуропа/Азаттық радиосына жұмыс істеуден бас тартуға мәжбүрлеген.

XS
SM
MD
LG