Accessibility links

Шолпы сыңғыры

Ұлттық киімдегі татар қыз-келіншектері туралы фотолардың авторы Сергей Потеряевтың сөзінше, олардың көпшілігі бұған дейін ешқашан ұлттық киімді кимеген, ана тілінен мақұрым, ұлттық ас түрлерін әзірлеуді де білмейді. «Бір жағынан алып қарағанда, кейбіреуі басқа этнос және дін өкіліне тұрмысқа шыққан қазіргі заманғы қала тұрғынын этникалық тамырынан ажырамауға міндеттейтіндей еш нәрсе жоқ, бірақ, екінші қырынан, өз халқының салт-дәстүрімен байланыс біржола жоғалған деуге келмейді. Сырттай байқалмағанымен, ұлттық болмыс әйелдердің көпшілігі үшін маңызды болып қала береді» дейді фотосуретші.

XS
SM
MD
LG