Қазақстан билігі салафизмге қатысты ұстанымын айқын білдірген соң бұл діни ағымның кейбір ұстанушылары арасында қалыпты исламға қарай бет бұру енденциясы байқала деп мәлімдеді бүгін Астанада өткен Қазақстан дінтанушыларының форумында дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.
Министрдің сөзіне қарағанда, имамдар мен теологтардың пікірінше, үкімет салафизмге қатысты ұстанымын айқын білдірген соң тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу жеңілдей бастаған.
Ермекбаев салафизм мен басқа да деструктивтік ағымдарға қарсы халыққа түсіндіру жұмыстары нәтиже бермеген жағдайда дін істері және азаматтық қоғам министрлігі оларға заңмен тыйым салу мәселесін көрететінін де айтты. Оның сөзінше, салафизм мен өзге де деструктивтік ағымдарға сотпен тыйым салмау мемлекет ешқандай шара қабылдап жатқан жоқ немесе оларға қатысты ұстанымы дұрыс емес дегенді білдірмейді.
Ермекбаев қоғам мен мемлекеттің бірлесе жұмыс істеуі кез-келген заңмен тыйым салу шараларынан анағұрлым нәтижелі болуы мүмкін.
Нұрлан Ермекбаев қазанның ортасында салафизм - "Қазақстан үшін деструктивті қаупі басым діни ағым" екенін, министрлік оған заңмен тыйым салу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеген.
Исламның салафилік бағытының қаупі туралы мәселе Қазақстанда биыл жазда Ақтөбе мен Алматыда облған шабуылдардан кейін көтеріле бастады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі шабуылды "дәстүрлі емес салафизм діни ағымы жолын ұстанушылар тобының террористік шабуылы" деп атаған.