Accessibility links

Конгресс өкілдері Иранмен келісімді тоқтатуға тырысып жатыр


АҚШ конгресі (Көрнекі сурет).
АҚШ конгресі (Көрнекі сурет).

АҚШ конгресі өкілдер палатасының өкілдері Иранға азаматтық ұшақтарды сатуға тыйым салатын заңнамалық актіні қабылдады. Құжат Boeing және Airbus компанияларының Иранмен жасаған және президент Барак Обама әкімшілігі мақұлдаған келісімдерін іске асыртпауды көздейді. Заң жобасын республикашылдар бақылауындағы конгрестің төменгі палатасының 243 өкілі қолдап, 175-і қарсы дауыс берді. Құжат қаржы министріне Тегеранмен жасалған бұл келісімдерді қаржыландыру үшін банктерге лицензия бермеуге міндеттейді.

Республикашыл партия мүшелері Тегеранмен және әлемдік державалармен жасалған Ираннан халықаралық санкцияларды алып тастауды көздейтін келіссөзден бас тартқысы келеді. Келісім бойынша Тегеран санкциялар жойылуы үшін өзінің ядролық бағдарламасын кәдімгідей шектеген. АҚШ президенті Барак Обама бұл келісімді өзі президент болған кездегі ең маңызды жетістіктердің бірі бірі деп санайды.

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті, республикашыл Дональд Трамп сайлауалды кампаниясында келісімді бұзып, Иранның өзіне көбірек міндеттеме алуына қол жеткізу үшін келіссөзді қайта бастауға уәде берген. Қабылданған құжаттың қазіргі конгресте күшіне ене қоюы екіталай. Себебі сенатта оған демократтар қарсы шығады. Тегеранмен келісім Иранға ұшақ және оның бөлшектерін сатуға жол ашады.

XS
SM
MD
LG