Accessibility links

Янукович видеоконференция арқылы сотта жауап береді


Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович.
Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович.

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович 25 қараша күні Киевте Майдан демонстрациясына қатысты өтіп жатқан сотта жауап береді. Янукович Ресейдің Ростов облыстық сотының залынан видеоконференция арқылы байланысқа шығады.

Янукович пен Украина ішкі істер министрлігі ішкі әскердің бұрынғы командирі Станислав Шуляк "Майдандағы демонстранттарды атты" деп айыпталған "Беркут" арнайы жасағының сотында куәгер ретінде сұралады.

2014 жылы Янукович үкіметі Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қоюды кейінге қалдырған соң елде толқу басталған. 2014 жылдың қаңтары мен ақпанында белсенділер мен милиция қақтығысты. Украина денсаулық сақтау министрлігі мәліметі бойынша, қақтығыстардан 105 адам мерт болған. Украинаның қазіргі билігі Януковичті "демонстранттарға оқ атуға бұйрық берді" деп айыптаған. Януковичтің өзі кінәсін мойындамайды. Толқудан кейін биліктен кеткен Янукович Ресейден уақытша баспана алып, қазір Ростов қаласында тұрып жатыр.

XS
SM
MD
LG