Accessibility links

Қарағанды соты мұғалім Юрий Пактің үкімін өзгертпеді


"Жалған терроризм" айыбымен екі жылға сотталған Юрий Пактің апелляциялық шағымы бойынша сот шешімі шығатын сәт. Қарағанды, 29 қараша 2016 жыл.
"Жалған терроризм" айыбымен екі жылға сотталған Юрий Пактің апелляциялық шағымы бойынша сот шешімі шығатын сәт. Қарағанды, 29 қараша 2016 жыл.

Қарағандыда физика пәнінің мұғалімі, "жалған терроризм" айыбымен екі жылға сотталған Юрий Пактің үкімі өзгеріссіз қалды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот Пактің үкімге берген апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.

Сот Пактің қорғаушысының дәйектерін үкімді өзгертуге "жеткіліксіз" деп тапты. Үкім жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Жаза мерзімі сотталушы қамауға алынған 2016 жылдың 3 қазанынан бастап есептеледі.

Сот шағымды екі отырыста қарады. Сот отырыстарына Пактің жақтастары мен журналистер ғана емес, қазақстандық адам құқығы бюросының өкілі де қатысты. Жарыссөз кезінде Пак айыпты мойындаған жоқ. Адвокаты Сергей Ким істе "қылмыс құрамы жоқ болғандықтан" соттан Пакты ақтауды сұраған. Адвокат Юрий Пактің телефонын әлдекімдер қашықтан бұзып, бомба қойылғаны туралы сыртынан қоңырау соққан.

Прокуратура өкілі жарыссөзде үкімді заңды және әділетті деп санайтынын айтып, соттан оны өзгертпеуді сұраған.

XS
SM
MD
LG