Accessibility links

Байқоңырдан ұшырылған ғарыш кемесі әуеде жанып кетті


Байқоңырда ұшуға орнатылған "Союз-У"зымыран тасығышы. 29 қараша 2016 жыл.
Байқоңырда ұшуға орнатылған "Союз-У"зымыран тасығышы. 29 қараша 2016 жыл.

Роскосмостың мәліметінше, Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған ғарышкері жоқ "Прогресс МС-04" жүк кемесі ауада жанып кетті. "Прогресс МС-04"-пен және оны тіркеп ұшқан "Союз-У" зымыран тасығышымен байланыс кеме 1 желтоқсанда ұшырылғаннан соң алты минут 23 секундтан кейін жоғалған. Байланыс қозғалтқыштың үшінші сатысы қосылғанда үзіліп, кеме орбитаға шыға алмаған.

Роскосмостың мәлімдеуінше, ғарыш кемесі Тувадағы халық аз қоныстанған таулы аймақтың әуе кеңістігінде жанған. Болжам бойынша, кеменің ең үлкен бөлшектері ауаның тығыз қабаттарында жанып кеткен. "Прогресс МС-04" халықаралық ғарыш станциясына 3 желтоқсанда жетіп, 2,4 тонна жанармай, құрал-жабдық пен азық-түлік жеткізуі тиіс болған. France Press агенттігінің Мәскеудегі тілшісі кеме бортында станцияда рождествоны атап өтуге арналған сыйлықтар мен тәттілер де болғанын айтады.

Ресей 2015 жылы сәуірде "Прогресс" кемесі апатқа ұшыраған соң ұшырылымды үш айға тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG