Accessibility links

Рудныйда ЖЭС-тегі апаттан екі адам мерт болды


Қостанай облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Қостанай облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Рудныйда жылу электр станциясында апат болып, екі адам қаза тапты деп хабарлады Азаттыққа Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің жетекшісі Уәлихан Досановтың ақпаратына қарағанда, "Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі" (ССТБӨ) компаниясы құрамына кіретін ЖЭС-те 6 желтоқсанда түстен кейін қайта жөнделген бу қазандығын іске қосу кезінде жылу құбыры жарылған. ЖЭС-тің үшінші қабатында диаметрі 300 миллимерт болатын құбырда редукциялық салқындатқыш қондырғының төменгі бөлігі жарылған. Апаттан 19971 және 1972 жылы туған екі әйел қаза тапқан. Оқиға орнындағы адамдар бірден эвакуацияланған. Апат болған кезде ол жерде ЖЭС жұмысшылары мен мердігер Қарағанды металл құбырлары зауытының жұмысшылары болған.

Апат ЖЭС қызметіне әсер етпеген, нысан қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Апатты жоюға ССКБӨ-нің өз күші, тау-кен құтқару бригадасы, өрт сөндірушілер тартылған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері барған.

Баспасөз қызметі апаттан жараланғандар мен қанша адам эвакуацияланғаны туралы әзірге ақпараты жоғын айтты.

XS
SM
MD
LG