Accessibility links

Сенат жер кодексіне мораторийді созу заңын мақұлдады


Егіс алқабын жыртып жүрген трактор (Көрнекі сурет).
Егіс алқабын жыртып жүрген трактор (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты жер кодексіндегі даулы баптарды енгізуге қатысты мораторий уақытын 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін созу туралы заң жобасын мақұлдады. Құжат осымен парламент мақұлдауынан өтіп, президенттің қол қоюына жіберілді.

Сенаттың 8 желтоқсанда пленарлық отырысында қабылданған заң жобасында 2015 жылдың 2 қарашасында қабылданған "Қазақстан Республикасының жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы мен жер кодексінің жекелеген нормаларының күшіне ену мерзімін бес жылға дейін ұзартуды қарастырады.

Биыл сәуірдің 24-і күні Атырау қаласында "жер мәселесіне" қатысты ірі шеру өткен. Кейін Қазақстанның өзге де бірнеше қаласында көпшіліктің қатысуымен наразылық акциялары жалғасқан. Халық жер кодексіндегі шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерін жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзарту және құрамында шетелдіктер бар серіктестіктерге сату туралы баптарға қарсы шыққан еді.

Халық наразылығынан кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзгертулер енгізуге уақытша мораторий жариялап, заңды талқылау үшін қоғамдық комиссия құрған.

XS
SM
MD
LG