Accessibility links

Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялады


Пак Кын Хе, Оңтүстік Корея президенті.
Пак Кын Хе, Оңтүстік Корея президенті.

Оңтүстік Корея депутаттары президент Пак Кын Хеге импичмент білдіруді қолдап дауыс берді. Импичментті 234 депутат қолдап, 59 депутат қарсы дауыс берді. Қарсы дауыс бергендер арасындер Пактің "Сэнури" партиясының депутаттары да бар. Пак Кын Хе өкілеттіктерінен айырылып, оның қызметін атқара тұру премьер-министр Хван Ке-анға тапсырылды.

Енді елдің конституциялық соты 30 күннің ішінде оны президенттіктен мүлдем алып тастау немесе қызметін қайтару мәселесін шешуі тиіс. Егер сот парламенттің шешімін қолдаса, Пак Кын Хе Оңтүстік Кореяның қызметінен кетірілген демократиялық жолмен сайланған алғашқы президенті атанады.

Оңтүстік Кореяның баспасөз құралдары қазан айының соңында президент құрбысы Чхве Сун Сильдің мемлекеттік саясатқа ықпал жүргізіп отырғаны туралы жарыса жазғаннан кейін Пак Кын Хенің рейтингі құлдырап кеткен. Президенттің бірнеше бұрынғы көмекшісі билікті асыра пайдаланған деген айыптар бойынша қамауға алынған. Пак Кын Хе болған жайтқа байланысты халықтан кешірім сұраған, бірақ қызметінда қала беретінін мәлімдеген еді.

Оппозициялық депутаттар оған импичмент жариялау шарасын бастау туралы ұсыныс жасаған.

Пак Кын Хе 9 желтоқсан күні кешке үкіметтің отырысын белгіледі.

XS
SM
MD
LG