Accessibility links

Қазақстанда зейнетақы мен жөргекпұл көлемі көбейтілмек


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда 2017 жылдан бастап зейнетақы мен бала туғанда берілетін бір реттік жөргекпұл көлемі 20 пайызға көбейеді. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне үкіметке келесі жылы зейнетақы көлемін 2016 жылғы мөлшерінен 20 пайызға көбейтуді тапсырам. Сонымен қатара, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бала туғанда мемлекеттен берілетін бір реттік жөргекпұл көлемін 20 пайызға арттыруды да тапсырам. Қазір бізде туу көрсеткіші өте жоғары - 55 пайыз өсім, бізге керегі осы" деді Назарбаев тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне арналған салтанатты жиында.

XS
SM
MD
LG