Accessibility links

АҚШ-тың Түркиядағы елшілігі мен консулдықтары уақытша жабылды


Анкарадағы АҚШ елшілігі. Түркия, 20 желтоқсан 2016 жыл.
Анкарадағы АҚШ елшілігі. Түркия, 20 желтоқсан 2016 жыл.

АҚШ-тың Түркиядағы елшілігі мен консулдықтары Анкарада белгісіз қарулы адам елшілікке кірмек болып, әуеге оқ атқан оқиғадан соң уақытша жабылды.

Елшілік жергілікті уақыт бойынша түн ортасында белгісіз ер адам елшілік алдында әуеге оқ атқанын, оны полиция ұстап әкеткенін айтады.

Мемлекеттік Anadolu агенттігі ұсталған адамның қойнынан қысқа атыс қаруын алып шығып, аспанға бірнеше рет оқ атқанын хабарлады. Бұдан соң елшіліктің қауіпсіздік қызметкерлері оның қаруын тартып алып, өзін ұстаған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Бұл оқиғадан бірнеше сағат бұрын ғана Анкарада Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловты фотокөрмеде жас жігіт тапаншамен атқан. Елші жарақатынан қайтыс болған. Көрмеге полицей кейпінде енген қастандық жасаған адам шабуыл кезінде Ресейдің Сириядағы операцияларын айыптаған.

АҚШ-тың Анкарадағы елшілігіне қоса Стамбул мен Адана қалаларындағы консулдықтары да уақытша жабылған.

XS
SM
MD
LG