Accessibility links

Министр: зейнетақы мен жөргекпұлды көбейту екі кезеңге бөлінеді


Тамара Дүйсенова, Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Тамара Дүйсенова, Қазақстан республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 2017 жылы зейнетақы мен жөргекпұл көбейту екі кезеңге бөлініп жүргізілетінін мәлімдеді.

«Зейнетақыны 20 пайызға көтеру туралы тапсырма берілді. Қазір біз 1 қаңтардан бастап тоғыз пайызға көтереміз. 1 шілдеден тағы да 11 пайызға көтеріліп, толықтай алғанда 20 пайыз болады. Ал бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы бойынша біз 1 қаңтардан жеті, ал 1 шілдеден 13 пайызға көтеріп, толықтай алғанда 20 пайыз болады» деді министр.

Қазақпарат агенттігінің жазуынша, министр зейнетақы мен жөргекпұлды өсіру үшін мемлекеттік бюджеттен шамамен 90 миллиард теңге қажет екенін айтқан.

15 желтоқсанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке келесі жылдан бастап зейнатақы мен жөргекпұл көлемін 20 пайызға арттыруды тапсырған.


XS
SM
MD
LG